Итальяндық Полиция департаменті қызметкерлеріне алғысын білдірді
Атырау облысының Полиция департаменті қызметкерлеріне Италия азаматы Галлитто Марчелло көмектері үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда тұрақты тұру үшін өтініш білдіруге келген итальяндықты жылы қабылдап, өтінішін жедел, сауатты рәсімдеген департаменттің Көші-қон қызметі қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
– Қазақи дәстүр, жалпы қазақ халқы бірден баурап алды. Мүмкін содан болар, осында өзіме жар таңдадым, қазақ қызына үйлендім, бес жаста ұлымыз Анжелло өсіп келеді, ол – осы елдің азаматы», – дейді Қазақстанға келіп, 10 жылдан астам Атырауда жұмыс жасап жатқан Марчелло.
Елде тұрақты тұруға рұқсат беру өтініші 60 күн мерзім ішінде қарады. Тұрақты тұруға рұқсат берілгеннен кейін, ықтиярхатымен құжаттандырылады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға жыл басынан бір жүзден астам шетелдік азамат өтініштерін білдірген. Олардың 10-нан астамы алыс шетелдіктер.