Пробация есебінде тұрғындарға арналған профилактикалық шара жалғасып жатыр
Қызылорда облысы аумағында 21-26 мамыр аралығында «Есепте тұрған» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметі есебінде 628 сотталған тұр. Пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері 21-25 мамыр аралығында пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған 533 сотталғанның мекен-жайын тексерді.
Тексеру барысында сот жүктеген міндеттерді орындамай, заң талаптарын бұзған алты сотталғанға ескерту тәртіптік шарасы қолданылды. Екі сотталғанды бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін, іс – құжаттары Қызылорда қалалық №2 сотына жолданды.