Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтанның бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған
бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өтті.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 1555 дерегі, оның ішінде заңсыз қайта жабдықтаудың – 32, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 44, ұялы телефонмен
сөйлесудің – 131, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың -108, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 350, маневр жасау ережесін бұзудың – 66, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 44, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың – 10, құжатсыз көлік құралын басқарудың – 161 деректері анықталды.

Сонымен қатар, қала төңірегінде өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында қосымша Департаменттің Жергілікті полиция қызметі басқармасының аппарат қызметкерлерімен мобильдік топтар құрылып, барлығы 25 әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтап, карантиндік режимдегі шектеулерге қарамастан Қызылорда-Нұрсұлтан бағытында заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналасып жүрген екі жеке тұлғаға (“Volkswagen Sharan” үлгісіндегі және “Toyota Previa” үлгісіндегі автокөліктерге) қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, қозғалыстарына шектеу қойылды.

– “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деп аттап өтті Полиция департаментінің басшысы.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру