Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іздеудегі түркістандық мас халде көлік басқарып жүрген жерінен табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған азаматты мас халде көлік басқарып жүрген жерінен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғыннан хабар түскен. Ол әйел жолдасының түнде үйіне қонбағанын айтқан. Содан соң өзі таба алмағаннан кейін полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Полиция қызметкерлері хабар алысымен Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылының түкпір-түкпірінен жоғалған азаматты іздеді. Нәтижиесінде кешкі сағат 17:00 шамасында кіре берісте өзінің басқаруындағы Ваз-21093 көлігімен келе жатқан азаматты тоқтатып, әйелінің таба алмай жүргенін айтпақ болған. Алайда тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісінің алкогольдік мас халде екеніне күмәнданып медициналық сараптамаға жүгінген. Куәландыру қорытындысына сәйкес автокөлік жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі мас халде болғаны анықталды.

Қазіргі таңда жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру