Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин кезінде ҚАЖ мекемесінен босатылғандар қалай жеткізіледі?

Төтенше жағдай кезінде босап шыққан үш ер адам үйіне жету үшін маршруттық жоспар құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Карантин жарияланғаннан күннен бастап жаңа COVID-19 короновирус пандемиясын жұқтырудың алдын алу және төтенше жағдайға байланысты республика аумағында еркін жүріп тұруға байланысты шек қойылғандықтан, барлық облыс аймақтарына блок-бекеттер, бақылап өткізу пунктері орнатылды.

Соның негізінде, ҚАЖ мекемелерінен босап шыққан сотталғандарды тұрғылықты мекен жайына жеткізу іс-жоспары алдын ала дайындалады. Жоспар бойынша сала қызметкерлерінің қызметтік міндетінің жүгі артып келеді. Осындай жауапты міндетті Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері  мүлтіксіз атқарып жүр.

Жақында ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен үш сотталған босап шықты. Олардың бірі Ақтөбе облысының тұрғыны және екеуі Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болатын. Бұл азаматтарды тұрғылықты мекен жайына жеткізу бойынша алдын ала дайындалған маршруттық қағазын ала отырып, мекеме тарапынан арнайы автокөлік бөлініп, босап шыққандар діттелген жеріне жеткізілді.

Мекемеден босап шыққан үш ер адам да транзиттік жағдайда болғандықтан, мекеме қызметкерлерінің сүйемелдеуімен, облыс аумағына кірер жолдағы бірінші блок бекетке дейін шығарып салынды. Ары қарай аудандық пробация қызметкерлерінің тасымалдауына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру