Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин кезінде жұмыс істеген сауна анықталды

Петропавл қаласының полицейлері карантин жағдайында жұмыс істеген саунаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері адамдардың жиналуын болдырмау және індет жұқтыру қаупін азайту мақсатында карантин кезінде жабық тұрған дәмханалар, клубтар, монша кешендері бойынша рейдтер жүргізіп тұрады. Өкінішке орай, қауіпті індеттің таралуына қарсы күресте аталған шаралардың маңызын барлығы түсіне бермейді.

Қала тұрғындарының басым бөлігі үйлерінде оқшауланып отырғанда, Петропавл қ. екі кәсіпкер жексенбілік кешті саунада өткізбекші болады.

Осылайша телефон арқылы сауна иесімен келіседі. Ол табысты қолға түсіргісі келеді. Алайда, полицейлер келіп, клиенттерінің демалысын тоқтатады. 1981 және 1985 жылы туған екі келушіге, сондай-ақ 43 жастағы иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша материал жиналды. Әкімшілік сот шешімімен олардың барлығына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

“Мұндай рейдтік тексерістер жеке мақсатты көздемейді, тек азаматтардың тиісті деңгейде оқшаулануын қамтамасыз ету құралы болып табылады”, – деп атап өтті Петропавл қ. ПБ басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.- Карантин талаптарын қатаң сақтау- халық денсаулығын сақтау үшін міндетті шарт”.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР ӘҚтК 476-бабы бойынша 634 хаттама толтырылды. 29 көңіл көтеру орындарының, 27 сауда орнының иесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ, карантиндік оқшаулау орнынан шығудың сегіз жағдайы анықталды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру