Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін сақтамай, түнгі уақытта жұмыс істеп тұрған дүкен анықталды

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік  нысандарға карантин режимін сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылып, жұмыстар атқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы 3 қараша күні Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағаны үшін Шымкент қаласы 1 мамыр және Жарқынбеков көшелерінің бойында орналасқан «Кулинария» дүкені сағат 23:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағаны анықталды.

Дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасының қауіпсіздігін бақылау басқарамысына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру