Карантин талаптары сақталуы қажет
Шымкент қаласында түрлі сала мамандардан құралған мониторингтік топ шағын және ірі кәсіп иелеріне күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мониторингтік топтың құрамында жергілікті әкімдік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары сондай-ақ БАҚ өкілдері бар.
Кезекті тексеру жұмыстары Еңбекші ауданында жалғасты. Аталған аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар белгіленген уақытта жабылуда.
Еске сала кетейік, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес жеке тұрған азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен демалыс күндері кәсіпкерлік нысандар жұмыстарын уақытша тоқтата тұруларына тура келеді.
Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен сынды санитарлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуі тиіс.
Карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеміз.