Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин уақытында жергілікті тұрғындарға көмек көрсетілді

Талғар ауданының полицейлері жергілікті тұрғындарға карантин уақытында қол ұшын беруде, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Талғар ауданының тәртіп сақшылары карантин кезінде материалдық көмек қажет тұрғындарға көмек көрсетуде.
Аудандық полицейлер әлеуметтік желілердегі парақшаларында төтенше жағдай тәртібін бұзбауға және оны қатаң сақтауға шақырған үндеулерін жолдаған. Сондай-ақ, үндеулерінде олар қандай да қиындық туындаған жағдайда, полицейлерге хабарласуға болатынын атап өткен.

“Біз бірнеше тұрғыннан көмек сұраған қоңырау қабылдадық. Қиындыққа ұшыраған отбасылардың мәліметі мен мекенжайлары әкімдіктің есебінде тұрған аз қамтылған отбасылар, соғыс ардагерлері, мүгедектер және зейнеткерлер тізіміне енгізілді.біз ең қажетті азық-түліктерді сатып алдық. Яғни, жиырма шақты азық-түлік себетін әзірледік. Індетке байланысты еліміздегі жағдай ушығып тұр. Әсіресе, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарға өте ауыр соғуда. Сондықтан, біз тасада қалмай, қол ұшын беруді жөн деп шештік”,- деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы  Ерлан Қасым.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру