Карантинде жұмыс істеген демалыс орны анықталды
Шымкент қаласында карантин уақытында карантинде жұмыс істеген демалыс орны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілде күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс- шараларын жүргізді. Шара барысында карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізген демалыс орнын анықтады. Нәтижесінде Нұртас мөлтек ауданы, Нұртас көшесінің бойында орналасқан «Ақ сарай» демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өтіп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша демалыс орнының иесінен түсініктеме алынған.
ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 802-бап 2-бөлігін «Құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар» негізге ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.