Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкер ұрлық қылмысы дерегін ашқан Қостанай облысының полицейлеріне алғыс айтты

Кәсіпкер ұрлық қылмысы дерегін ашқан Қостанай облысының полицейлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы Меңдіқара кентінде 16 қаңтарда фотосалоннан тұрмыстық техника ұрланған. Шығын көлемі 230 мың теңгені құрады. Кәсіпкер Роман Царьков бұл туралы полицияға бірден хабар берген.Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, қылмыс жасалған орынды тексерді. Меңдіқара аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ермұхамбет Жылыспаев қылмыс таңғы сағат төрттер шамасында жасалғанын айтты.

– Кәсіпкер жұмысқа келгенде полицияға қоңырау шалды. Біз бірден тергеуге кірістік. Күдіктінің ізіне тезтүсіп, оны жедел түрде ұстадық. Бұл ретте бізге нысанның ішінде және сыртында орнатылған бейнебақылау камералары да көмектесті. Қылмысты 17 жастағы жігіт жасады. Ол ұрланған заттарды сатып үлгермеген. Олар иесіне қайтарылды, – деді ол.

Кәсіпкер Роман Царьков бейнежазба арқылы аудандық полиция бөліміне қылмысты ашудағы жеделдігі үшін алғысын білдірді.

– Полицейлерге жедел түрде қылмысты ашқаны үшін алғысым шексіз. Айта кету керек, бұған дейін маған учаскелік полиция қызметкері келіп, ол бейнебақылау камераларын орнатудың артықшылықтары туралы егжей-тегжей айтып берді. Оның ұсынысын назарға ала отырып, мен фотосалонға бейнекамера орнатуды шештім. Оның пайдасы тиді, – деді кәсіпкер.

Полицейлер Меңдіқара ауданында бейнебақылау камераларының көмегімен 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру