Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпорынның ақшасын жымқырған күдікті анықталды

Ақтөбеде алаяқтықтың тағы бір фактісі полицейлермен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілдеде Ақтөбе ЖШС-нің бір өкілі полицияға алаяқтық фактісімен жүгінді. 2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейінгі уақытта жергілікті тұрғын құрылыс материалдарын жеткізу сылтауымен кәсіпорынның17 млн. 99.225 теңге ақшасын жымқырған.

Күдікті ұсталды, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алынды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Бағалы заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, мұқият болыңыз. Сіз өз мүлкіңізге қатысты  қауіпсіздік шараларын қолдануыңыз қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру