Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келес тұрғыны жоғалған жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Келес тұрғыны жоғалған жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жоғалған жылқыларын 2 күн бойы іздеп таба алмаған әйел Келес АПБ-ға хабарласып, көмек сұрады. Оның айтуынша, күн суытып, тұман болған түні үйінің жанында қараусыз, бос жайылып жүрген төрт жылқысы жоғалып кеткен.

Өздіктерімен іздегенмен, оң нәтиже шықпаған.Тұрғынның малы жоғалғаны жөнінде хабар алған полицейлер уақыт жоғалтпастан іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары өздеріне ой-шұқыры жақсы таныс ауыл-аймақты, оның тау-тасын шарлады.

Жылқының иелерімен бірлесіп, бір тәулік үзіліссіз жұмыс жасады. Жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде жылқыларды тапты. Яғни, тұрғынның жылқылары 15 шақырым қашықтықта орналасқан Саңырау ауылының қырында жайылып жүрген жерінен табылды.

Анықталғандай, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жылқылар бағытынан адасып кеткен.

– Төрт жылқымызды жоғалтып алдық. Полиция қызметкерлеріне рақмет, жылқыларым табылды. Мұның бәрі сіздердің арқаларыңызда! Полицей деген осылай болу керек, – деді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру