Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Келімсек” іс-шарасы: Алматыда елден шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан азаматтары ұсталды

Алматыда елден шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың бірі – Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жыл басында ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 4-бөлігі бес жыл мерзімге ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1984 жылы туған А.есімді азамат.

– Алайда, бұл талапты құқық бұзушы орындамады, содан кейін сот Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарумен қозғалыс еркіндігіне шектеулер қолдану туралы шешім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда “Келімсек” алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Небәрі іс-шараның алты күнінің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1 мың 036-сы – шетел азаматтары. 58 шетел азаматы елден шығарылды. Сонымен қатар, заңды елемеген қандастарымызға қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін қабылдаушы 235 адам жауапкершілікке тартылды, ал, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру