Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ұсталған 18 жастағы жігіт есірткі сақталатын орындарды көрсетті

Балқашта ұсталған 18 жастағы жігіт есірткі сақталатын орындарды көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қазанда Балқашта “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының ПБ есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері 18 жастағы жас жігітті ұстады. Тексеру кезінде күдіктіден ұнтақ заттан тұратын полиэтилен пакеті алынды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.
Тергеу барысында күдікті марихуананы сақтайтын жеті орынды көрсетті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру