Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау полицейлері апалы-сіңлілерді алдаған әйелді анықтады

Кентау полицейлері апалы-сіңлілерді алдаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдердің айтуынша, олардың танысы кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1,2 млн теңге алып беремін деп сеніміне кіріп, әрқайсысынан 130 мың теңгеден ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай, бір жыл бойы түрлі сылтау айтып, созбалыққа салып жүрген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің жүрген жері анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті бұрын жәбірленушінің бірімен әріптес болған. Сондықтан алаяқ жібірленушінің сеніміне оңай кіріп, теріс пиғылын іске асырған. Ол таныстарынан алған ақшаны бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру