Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны әкесінен қалған мылтықты полицияға тапсырды

Көкшетау тұрғыны әкесінен қалған мылтықты полицияға тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында халықтан тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтуде. Ауқымды іс-шара 25 сәуірде басталды.

Алғашқы екі күн ішінде азаматтар полицияға тіркелмеген қарудың 39 бірлігін, оның ішінде 3 бірлік ойық, 35 – тегіс ұңғылы және бір бірлік травматикалық қаруды тапсырды. Қазіргі уақытта мылтықтар баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Мәселен, Көкшетау тұрғыны Марат Кубитаев полицияға әкесінен қалған мылтықты алып келген. 60 жылдан астам уақыт бойы ер адам үйде қаруды ұстап келді, алайда қазір немерелерінің қауіпсіздігі үшін мылтықты құқық қорғау органдарына тапсыруға шешім қабылдады.

Айта кету керек, мемлекет қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі соманы төлеуді көздеп отыр, ал қарудың техникалық сәйкестігін арнайы комиссия шешеді. Сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың ұсынылған шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру