Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны аса ірі көлемде гашиш сатқан

Көкшетау тұрғыны аса ірі көлемде гашиш сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

46 жастағы ер адам есірткімен байланысты қылмыс үшін сотталып шыққан, алайда оған қарамастан заңсыз «бизнесті» жалғастырғандығы белгілі болды.

Есірткі сатушы арнайы іс-шаралар барысында іс үстінде ұсталды. Ақмола тұрғыны сатып алушыға гашиш есірткі заты бар бес полиэтилен орамасын сатқан. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 30 грамм болды, бұл ірі мөлшерге жатады.

Санкцияланған жеке тінту кезінде жедел уәкілдер осы затқа ұқсас тағы 4 орама тәркіледі. Сонымен қатар есірткі өткізушінің тұрғылықты жерінен есірткі құралдарын қолдануға арналған құрал табылып, тәркіленді.

Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру