Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері бірнеше адамды алдаған желілік алаяқты құрықтады

Елорда полицейлері бірнеше адамды алдаған желілік алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сарыарқа ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет желісінде бірнеше азаматты алдаған елорданың 30 жастағы тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам интернет арқылы қаражатты инвестициялау сылтауымен адамдарды алдаған. Мәселен, күдікті әлеуметтік желіде жалған жарнама орналастырып, ақшасын инвестициялауға көмектесемін деген желеумен 42 жастағы қала тұрғынының 62 мың теңге ақшасын иемденген.

Жәбірленушілер ақшаны әртүрлі банктердің мобильді қосымшаларына аударған. Алаяқтық ойын іске асыру үшін ер адам басқа біреудің банктік карталарын пайдаланған, ол арқылы банктердің мобильді қосымшаларын пайдалану мүмкіндігін алған. Кұдікті басқа біреулердің банктік карталарын Telegram арнасынан сатып алған.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағындағы алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру