Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны колонияға синтетикалық есірткі өзкізбекші болған

Көкшетау тұрғыны колонияға синтетикалық есірткі өзкізбекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау есірткі полицейлері мен ҚАЖД қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясының нәтижесінде есірткі тәркіленді. Өткен демалыс күндері «Қарасора – 2023» ЖПІШ шеңберінде құқық қорғау органдары бұрын сотталған Көкшетау тұрғынын ұстады, ол жедел уәкілдердің ақпараты бойынша колонияға есірткі заттарын бермекші болған.

Ұсталған кезде күдіктіден психотроптық зат табылды және тәркіленді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды .

Қазіргі уақытта осы дерек тыйым салынған сатып алу орнын белгілеу бойынша бірқатар тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру