Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда мониторингтік топқа қарсылық көрсеткен төрт күзетші жауапқа тартылды

Көкшетауда мониторингтік топқа қарсылық көрсеткен төрт күзетші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қараша күні сағат 24.00-де Көкшетау қаласының ПБ арнайы Жедел басқару орталығының желісіне облыс орталығының ойын-сауық мекемелерінің бірі карантиндік шектеулерді бұзып, жұмыс істегені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мекеменің күзет қызметінің төрт қызметкері мониторингтік топтың жұмысына қарсы әрекет жасағанын анықтады.

10 қарашада Көкшетау қаласының әкімшілік сотында құқық бұзушыларға қатысты сот процесі өтті. Сот қаулысымен мекеменің күзет қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға үш тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру