Көкшетауда полицейлер өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алды
Оқиға 28 ақпан күні сағат 19.30 шамасында болды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
«102» пультіне ЖШС-нің бірінің аумағында Сүлейменов көшесінде орналасқан белгісіз ер адам биіктігі 10-15 метр темір құрылымынан секіріп кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Хабарлама дереу Көкшетау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының барлық жасақшаларына берілді. «Әскер – 5» экипажы, құрамында полиция қызметкерлері Аслан Есмағзамов пен Әділ Аюбай оқиға орнында болды.
Мұнараның шетінде тұрған ер адамды көріп, Аслан оған қарай көтерілді.
20 минуттан астам уақыт ішінде полиция лейтенанты қала тұрғынымен сөйлескен, сондай-ақ телефон арқылы ағасын шақырып, ол оны секірмеуге мәжбүр болады деп үміттенген.
Ер адам мүлдем ішімдік қабылдамаған,мұндай қадамға оны отбасылық мәселелері итермелеген. Туысымен бірге полиция қызметкері ер адамды бұндай шешімнен бас тартуға көндірді. Тәртіп сақшысы қала тұрғынына жерге түсуге көмектесті.
Қазіргі уақытта 52 жастағы ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ,ол туған-туыстарының жанында.
Айта кету керек, ақпан айында полиция қызметкерлері қол жұмсамақ болған адамдарды құтқарған бұл екінші оқиға. 10 ақпанда полиция сержанты Бақдәулет Көшкінбай Көкшетау темір жол вокзалында жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен ер адамның ізін суытпай, вагондардың арасындағы келесі секіруінің алдын алған болатын.
Полиция желілік бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін Бақдәулет ер адамды ұстап, одан кейін ЖІІБ-нен әріптестерімен бірге төмен түсірді. Ер адам жедел жәрдем дәрігерлерінің қарауына тапсырылды.