Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер жалған көлік нөмірлерімен СҚО жүргізушісін ұстады

Көкшетаулық полицейлер жалған көлік нөмірлерімен СҚО жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 21 қазанда Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Еркебұлан Шәкімжанов теміржол вокзалына қарама-қарсы Абай көшесін патрульдеу барысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан “Mercedes-Benz” маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тиісті құжаттарды тексеру барысында СҚО Тайынша ауданының Ясная поляна ауылының тұрғыны, 34 жастағы жүргізуші жалған МТНБ және жалған техникалық паспорты бар КҚ басқарғаны анықталды.
Тәртіп бұзушының айтуынша, ер адам аталған көлікті осыдан бір ай бұрын Ресей Федерациясының Барнаул қаласында аталған нөмірмен сатып алған, тіпті мемлекеттік нөмірлік белгі мен құжаттар қолдан жасалғанын да білмеген.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша дереу қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру