Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі

Қызылордалық полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Байқоңыр қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу  барысында сауда орталықтарының бірінде контрафактілік сағаттарды сатқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Жедел уәкілдер бұл азаматтан лицензиялық келісім-шартсыз сатып тұрған, “ROLEX”, “DANIEL WELLINGTON”, “RADO”, “Calvin Klein”, “HUBLOT”, “TISSOT”, “APPLE”, “BURBERRY” және “LONGINES” маркалы ерлердің қол сағаттарын тәркіледі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Мән-жайлар анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру