Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: мас күйінде ЖКО жасаған жүргізуші қамауға алынды

Алматыда мас күйінде ЖКО жасаған жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Aпат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

– Бұл жол-көлік оқиғасы күндізгі сағат он бірлер шамасында Қабанбай батыр көшесінің бойында болған. “Хонда” көлігінің жүргізушісі шығысқа қарай бара жатып, жол бойымен келе жатқан “ВАЗ” автокөлігімен соқтығысқан. К.есімді азаматты патрульдік экипаж сот-наркологиялық сараптамаға алып жүрді. Медициналық сараптама оның орташа дәрежеде ішімдікке масаң күйде екенін анықтады. ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шарипов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру