Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда сотталғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Көкшетауда сотталғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қараша күні Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша мамандардан кеңес алды. Сонымен қатар жұмысқа орналасу үшін тиісті жолдамалар берілді.

2026 жылдың басынан бері Ақмола облысында 640 сотталған адам ресми түрде жұмысқа орналастырылды. Олардың 84-і белгіленген квота шеңберінде жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамтуға бағытталған мұндай шаралар сотталған адамдардың қоғамға қайта бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру