Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық жедел уәкілдер тұрғынды тонап кеткен екеуді ұстады

Көкшетаулық жедел уәкілдер тұрғынды тонап кеткен екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазанда сағат 22.37-де Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 45 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам тонау туралы хабарлады.
Бұл күні шамамен сағат 16.00-де жәбірленуші Зеренді саяжайларында белгісіз екі ер адам оған дене жарақатын салып, ОРРО маркалы ұялы телефонын, оның атына жазылған құжаттарды, банк картасын және 80 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын ашық ұрлап кеткені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау жедел қызметкерлері облыс орталығының 33 және 34 жастағы уақытша жұмыссыз екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру