Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігіне арнайы жарық беру құрылғысын заңсыз орнатқан шымкенттік жауапқа тартылды

Көлігіне арнайы жарық беру құрылғысын заңсыз орнатқан шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында Lada көлігінің жүргізушісі заңсыз арнайы жарық беру аспабын орнатып алғанын анықтады.

Жүргізушінің осы теріс әрекетіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату) бойынша хаттама толтырылды. Ал көлік айыптұраққа қойылды.

Полицейлер жүргізушіге бұл әрекетінің заңсыз екендігін түсіндірді, көлік иесі өз қателігін мойындап, кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайталамауға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру