Көлігіне заңсыз дыбыс зорайтқыш орнатып алған түркістандық ұсталды
Көлігіне заңсыз дыбыс зорайтқыш орнатып алған түркістандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлерімен ағымдағы жылдың 23-29 тамыз күндері аралығында Түркістан облысы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмау, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мен қылмыскерлерді анықтау, ұстау, ЖҚЕ сақталуын қамтамасыз ету және т.б.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші тәулігінде Келес ауданының тәртіп сақшыларымен 63 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ аудан бойынша айыптұраққа 10 автокөлік қойылды, оның ішінде тоғызы Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктер. Ал учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 33 тұрғынды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық деректерінің алдын алу, болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді.
Осы тұста мысал ретінде айта өтсек, Келес АПБ ЖПҚ ППТ инспекторы полиция сержанты Сейфудин Айтбаев Абай ауылы Т.Рысқұлов көшесі бойында Lexus-470 маркалы автокөліктің заңсыз дабыл дауыстық құрылғысын (СГУ) орнатып алғанын анықтады. Жүргізушінің осы теріс әрекетіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы (Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу) бойынша хаттама толтырылған. Сондай-ақ карантин талабын елемей, той жасағандар да анықталды. Мәселен, Абай ауылындағы кафелердің бірінде өткізіліп жатқан құдалық тоқтатылған. Келген қонақтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, той иесі мен тойхана егесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен іс-құжаттар жинақталып, заңды шара көрілу үшін тиісті мекемеге жолданған.