Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер дүкенде тонау жасауға әрекеттенген қаскүнемді ұстады

Ақмолада полицейлер дүкенде тонау жасауға әрекеттенген қаскүнемді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы аясында ақмолалық полиция қызметкерлері бұрын жасалған тонауды ашты. Степногорск қаласының Полиция басқармасына 40 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Әйел 10 тамызда сағат 08.30-да белгісіз ер адам бұрыш спрейін қолданып, дүкен кассасынан ақшаны ашық түрде ұрлауға тырысқанын хабарлады.

“Құқықтық тәртіп” жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Степногорск жедел қызметкерлері күдіктіні анықталды. Ол бұрын ҚК-нің 106-бабы бойынша сотталған 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 191-баптың 3-бөлігі 3-тармағы-24-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
ҚР ҚК (Тонауға оқталу). Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында Ақмола облысы Полиция департаменті 23-29 тамыз аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру