Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері Алматы облысында жасырын орыннан қару-жарақ тапты

Көлік полицейлері Алматы облысында жасырын орыннан қару-жарақ тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған 4 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі 22 патрон тауып, тәркіледі.

Бұл туралы департамент бастығы Оңал Бекеев айтты.

– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді О. Бекеев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қару мен оқ-дәрілерді сақтауға қатысы бар адамдар анықталуда. Алынған заттай дәлелдемелер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру