Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері ескертеді: Темір жол – аса қауіпті аймақ!

Теміржол төсемін белгіленбеген жерлерден өткен тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Биыл жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің  1 041 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жол бойында адам болуына байланысты – 285 факті, темір жол төсемінде малдың жайылуына байланысты – 706 факті. Сондай-ақ темір жолдарға бөгде заттарды салудың екі фактісі тіркелді, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Жұматаев.

Оның айтуынша, темір жол маңында қараусыз жайылып жүрген мал темір жол көлігінің қалыпты жұмысын бұзуға жиі себеп болып жатады. Бұл поездардың кідіруіне, локомотивтер мен вагондардың бұзылуына, ең бастысы, жолаушылардың өмірі үшін қауіпті.

– Мәселен, 20 шілдеде Ақмола облысының “Торғай-Селеті” аралығында жүк пойызының машинисті үй малының темір жол төсемінде болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған. Алайда, екі ірі қара малды қағып кетті.

Тексеру барысында 28 жастағы мал иесі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі “Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп атап өтті А.Жұматаев.

Сондай-ақ, ол биылғы  жылдың алты айында теміржол төсемін белгіленбеген жерлерден өткені үшін 11 683 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру