Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы полициясының Көші-қон қызметі 24 мыңға жуық шетелдік азаматқа қызмет көрсеткен

Коронавирус індетінің жаппай таралуына орай мемлекеттік шекаралар ұзақ уақыт карантинге жабылғанымен, жыл басынан бері 23 881 шетелдік азамат Алматы облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметіне жүгінгені белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының қызметін пайдаланған шетелдіктердің басым бөлігі – ТМД елдерінің азаматтары, тек 186 адам алыс шетел азаматы екен.

– Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 4954 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 2943 дерегінде Қазақстан азаматтарының заң талаптарын сақтамағаны анықталды. Еліміздің заңнамасын өрескел бұзған 139 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылған. Ал, екі тұлғаға қатысты көші-қон заңының талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған азаматтарға 45 миллионнан астам айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді. Жыл басынан бері 26773 тұлға елімізде жұмыс жасауға тиісті рұқсат рәсімдеді, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Елмұрат Нұрсейітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру