Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері қанға мұқтаж жандарға донор болды

Көлік полицейлері қанға мұқтаж жандарға донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның үшінші жексенбісі – Дүниежүзілік жол апаты құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, ЖКО құрбандарына көмек көрсету және ынтымақтастық белгісі ретінде көліктегі полиция департаментінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп Донорлық күні ұйымдастырылды. Қан тапсырар алдын көлік полицейлері құжаттарды толтырып, дәрігердің тексеруінен өтіп, қан қысымын өлшеді. Барлық қажетті процедурадан өткеннен кейін әр қызметкер 450 миллилитр қан тапсырды.

Акцияға департамент басшылығы мен жеке құрамының 80 қызметкері қатысты. Айта кету керек, көлік полицейлері мұндай акцияларға әрдайым белсенді қатысып, олардың көпшілігі жыл сайын қан тапсыруға ниет білдіріп жатады. Солардың бірі департамент бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов.

Астана қаласы Қан орталығының мамандары барлық полицейге игі істегі қолдаулары үшін ризашылықтарын білдірді. Дәл осындай акция департаменттің желілік бөліністерінде де жалғасын тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру