Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері "Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өткізді

Көлік полицейлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы шеңберінде көліктегі полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы сенбілік жұмыстарына белсене қатысты.

Іс-шара барысында департаменттің аумағы және оған іргелес орналасқан Есенберлин мен Затаевич көшелерінің бойы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар департамент аумағына көшеттер отырғызылып, оларды күтіп-баптау шаралары ұйымдастырылды.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қала тазалығын сақтау және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға үндеу.

Көліктегі полиция департаменті алдағы уақытта да экологиялық бастамаларға белсенді қатысып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру