Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полициясындағы патрульдік полицейдің бір күні

Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Сырлыбек Смайылов 2019 жылдан бері ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның қызметтік күні таң сәріден басталып, тынымсыз еңбекпен жалғасады. Жедел шақыртуларға дер кезінде әрекет ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық іс-шаралар мен рейдтерге қатысу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – оның күнделікті қызметтік міндеттерінің негізгі бөлігі.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетіп, шұғыл жағдайда жедел шешім қабылдайды. Қажет болған сәтте азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау жолында өз жауапкершілігін алдыңғы орынға қоя отырып, тәуекелге де бара алады.

Қызметтік қарбаластан кейінгі ең қымбат сәт – отбасы ортасына оралу. Жақындарымен жүздесу, шаңырақтағы жылылық пен тыныштық күн бойғы қажырлы еңбектің салмағын жеңілдетіп, жаңа күш-қуат береді.

Осындай адал әрі тынымсыз қызмет қоғамның полицияға деген сенімін нығайтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосады.

Көлік полицейлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе және теміржол нысандарында тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру