Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік тізгініне отырған

Ақтөбе облысында бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік тізгініне мас күйінде отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсанда Қобда ауданының ПБ қызметкерлері “Самара-Шымкент” автожолының 618 шақырымында (Қобда ауылынан 1 шақырым жерде) 37 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан “Тойота–Альфард” автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды, сондай-ақ одан алкогольдің исі шығып тұрған. Жүргізуші медициналық куәландырудан өткізу мақсатында медициналық мекемеге жеткізілді, онда оның көлікті “жеңіл дәрежелі” мас күйінде басқарғаны анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен  (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру