Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік сақшылары балаларды мерекемен құттықтады

Көліктегі полиция департаментінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға тосын сый жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шараны департамент бастығы Бақытжан Малыбаев құттықтау сөзімен ашты.

– Балалар – біздің байлығымыз, еліміздің жарқын болашағы. Оларды қуанту үшін көп нәрсенің қажеті жоқ, ең бастысы ата-аналардың шынайы мейірім-махаббаты мен үлкендердің қамқорлығы. Олардың жадыраған жүзін көрудің өзі үлкен бақыт, – деді полиция полковнигі.

Ол балаларға денсаулық, ұзақ өмір, бақытты балалық шақ тіледі.

Мерекелік іс-шараға 100-ге жуық көлік сақшыларының балалары қатысты.

Арнайы шақыртылған аниматорлар кішкентай қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жылына бір рет келетін бұл тамаша мерекеге полицейлер ерекше дайындалды.

Бүлдіршіндердің барлығына мерекелік сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру