Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісулық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады

Жетісулық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жетісу облысының полиция қызметкерлері Талдықорған қаласындағы “Қамқор” арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Тәртіп сақшылары орталықта тәрбиеленушілерге спорттық құрал-жабдықтар, шығармашылық жұмыстарға арналған түрлі жиынтықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етті.

– Біз балалардың көңілін көтеріп, мереке ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз. Біздің қызметкерлер балалардың күлкісіне себепші болуы үшін оларға барып, кезігудің кез келген мүмкіндігін пайдаланады. Баланың өмірі мейірімділікке толы болуы керек. Бірақ бәрібір біздің бұл істеріміз – теңіздің бір тамшысы ғана. Өйткені, олардың әрқайсысы ата-ана қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне лайық. Бұл орталықта тәрбиеленіп жатқан балалар жарқын, ерік-жігері мықты және табанды, сол үшін өз ісіне адалдықпен қарайтын ұстаздар қауымына алғыс айтамыз, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Талант Жұмабек.

Құрмет көрсету белгісі ретінде орталықтың меңгерушісі Меруерт Жиынбекова өз жұмысына шексіз беріліп қызмет атқарып жүргені үшін полиция департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

Орталықтың педагогикалық ұжымы мен тәрбиеленушілері келген қонақтарға арнап ән айту, би билеу және басқа да шығармашылық нөмірлер көрсету шеберлігін көрсетіп, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру