Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік тонаған азамат құрықталды

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері көлік тонаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың 25 жастағы тұрғыны түнгі уақытта тұрғын үйдің ауласында тұрған «Тойота» автокөлігін кілт іріктеу арқылы ашып, бейнетіркегіш пен антирадар құрылғысын ұрлап кеткен. Ұрланған мүліктің сомасы 25 мың теңгені құрады. 

Автокөліктің иесі ұрлық жасалғанын байқаған кезде полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Ер адам қылмыстық іс-әрекетін мойындады. Антирадар мен бейнетіркегіш тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру