Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықтың құрметіне бөленген полицей

Қызылорда ҚПБ Тасбөгет полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы Бақдаулет Аманбаев ел тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген қызметкерлердің бірі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторының міндеті – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Тәртіп сақшылары өзі қызмет ететін аумақта отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етеді. Олар халықпен тығыз жұмыс жасайды. Қатаң мінез, темірдей тәртіп иелеріне сол үшін көпшілдік, адаммен тез тіл табысу қасиеті де   ауадай қажет.

Біздің кейіпкеріміз Қызылорда ҚПБ Тасбөгет полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы Бақдаулет Аманбаев 2010 жылдан бері Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарады.

Ол қызмет көрсететін аумақта 5 500 тұрғын бар. Оны жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік таниды, жұмысына оң баға береді.

Учаскелік полицей жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылық жасаған 107 тұлғаны анықтап, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданған.

Бұдан басқа отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында 17 құқық бұзушы азаматқа қатысты қорғау нұсқамасын шығарған.

Ол қызмет көрсететін әкімшілік аумақта тұратын 1980 жылы туған қала тұрғыны ішімдік ішіп, үнемі отбасының шырқын бұзып, жанжал шығаратын. Учаскелік полицей Бақдаулет аталған азаматты сот қаулысының негізінде  еріксіз емдеу мекемесіне ем қабылдауға орналастырып, қазіргі таңда бұл тұрғын салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың қатарына оралды.

Бұдан басқа ол жыл басында белгісіз біреудің қала тұрғынынан тартып алған “Самсунг” маркалы телефонын тауып берген. Учаскелік полицейдің сауатты әрекеттерінің нәтижесінде көшеде адам тонаған 28 жастағы азамат ұсталып қамауға алынған.

– Қиын жағдайда менен көмек сұрап келген әрбір адамға көмектесу менің парызым мен міндетім деп санаймын. Қызметімді абыроймен атқару – менің азаматтық борышым, – дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру