Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмыс күні жұдырықтасқан қыздар жауапқа тартылды

Павлодар облысында қыздардың ұрыс-керісі төбелеске ұласқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде екі жас қыздың жұмыс барысында басталған ұрыс-керісі төбелеске ұласқан. Оқиға куәгерлері қыздарды тыныштандыру үшін жергілікті учаскелік полиция инспекторын шақырған. Жанжалға қатысушылар бір-біріне қатысты арызданған. Одан әрі тексеру үшін төбелескен қыздар учаскелік полиция бекетіне жеткізіліп, онда мен олармен профилактикалық әңгіме өткіздім, – деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Индира Жүсіпова.

Полиция қызметкерлері жанжалдың қыздардың бірінің екіншісіне жала жабуының салдарынан орын алғанын анықтады.

Жұдырықтасуды жақсы көретіндерге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді. Іс бойынша өндіріс сот залында тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Айта кету керек, учаскелік полиция инспекторының өтініші бойынша аудандық сот қос қызға сағат 22.00-ден кейін қоғамдық орындар мен ойын-сауық орындарында болуға шектеу қойды. Сонымен қатар оларға алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға және қоғамдық орындарға үш ай ішінде мас күйінде келуге тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру