Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық азамат тұрғын үйдің кіреберісінен суреттер ұрлаған

Елордада тұрғын үйдің кіреберісінен суреттер ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Полицияға “Манхэттон” тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан белгісіз біреудің бірінші қабаттағы үйдің кіреберісінен ұзақ уақыт бойы тұрғындар мен олардың қонақтарының көңілінен шыққан суреттерді ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен елорданың 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жас жігіт кінәсін мойындап, одан айғақ заттар алынды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру