Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығы жоқ: Атырауда 6 жүргізушінің үшеуі ішімдік ішкен күйде ұсталды

Атырауда көлік жүргізу құқығы жоқ 6 жүргізушінің үшеуі ішімдік ішкен күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 22 желтоқсан күні құқығы жоқ күйде көлік басқарған 6 жүргізуші анықталды. Олардың ішінде үш жүргізуші алкогольдік ішімдік ішкен мас күйде көлік тізгіндеген.

Мысалы, 22 желтоқсан күні сағат 19:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау-Индер тас жолы Көктем мөлтек ауланы тұсында ВАЗ-21154 автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 39 жастағы жүргізушісінің көлік жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарғандығы анықталды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (Жүргізуші құқығы жоқ күйде көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Одан бөлек, 22 желтоқсан күні сағат 18:40 шамасында Құнанбаев көшесі бойында Nexia автокөлігін патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, тексеріс барысында 18 жастағы жігіттің көлік жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Оған қоса аталған азаматтың дәл осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде екінші рет қайталап отырғаны белгілі болды.

Бұрын-соңды жауапкершілікке тартылса да, түзелмеген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралын жүргізуші құқығы жоқ куйде басқарып, сонымен қатар бір текті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталаған) әкімшілік хаттама жасақталып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынып, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру