Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын өтеп, пробация есебінен шығарылды

Қызылордада сотталған қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын өтеп, пробация есебінен шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Сырдария аудандық пробация есебінде 40-тан астам адам есепте тұр. Жуырда төрт сотталған қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы бойынша жазаларын өтеп, пробация есебінен шығарылды. Олар: ұрлық, есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сексеуіл өсімдігін заңсыз кескені үшін, қылмыстық теріс қылық жасап жазаға тартылғандар.

Сот үкімімен оларға 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды орындау міндеттелген. Солардың бірі З.есімді азаматты полиция қызметкерлері тексеру барысында оның киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылған. Оны ол өткізу мақсатында өзімен бірге заңсыз сақтаған.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған. Ол сот жүктеген міндеттерді толық орындап, қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын өтеп, есептен шығарылды.

– Сотпен жүктеген жазамды толық өтедім. Өзімнің жасаған іс-әрекетіме өкінемін. Алдағы уақытта мұндай жаңылыс қадамға бармаймын. Балаларымды адал еңбекке тәрбиелеп, дұрыс бағыт-бағдар беремін, – дейді З. есімді ер адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру