Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік тағы да мас күйде ұсталды
Ақтөбеде мас халде көлік басқарған азамат уақытша қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпанда патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде Зинченко мен Маяковский көшелерінің қиылысында 47 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Ваз-2110» автокөлігін тоқтатты. Ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік құралын «жеңіл дәрежеде» мас күйінде басқарған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қ.УҰИ-ға қамауға алынды.