Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті мас күйінде басқарған азаматтар жауапқа тартылды

Шымкентте бір аптада мас күйінде көлік жүргізгені үшін тоғыз жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 30-6 желтоқсан аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін тоғыз жүргізушіні ұстады. Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарға мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салып, автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру