Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда “Есепте тұрған” республикалық профилактикалық шарасы басталды

Жамбылда “Есепте тұрған” республикалық профилактикалық шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанынан бастап облыс аумағында “Есепте тұрған” профилактикалық іс-шарасы өтуде. 14 желтоқсанға дейін жалғасатын шараны өңірлік ҚАЖ департаментінің пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесіп атқарады.

Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу.

Аталған іс-шара аясында пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандардың мекен-жайларына тексеру жүргізіп, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіріп табу жұмыстарын атқаратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру