Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция басшысының атына кезекті алғыс хат келіп түсті

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының атына елорда тұрғындарынан, қаланың ұйымдарынан алғыс хаттар келіп түсуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Technodom Operator” АҚ компаниясы “Байқоңыр” және “Есіл” аудандары ПБ криминалдық полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Қызметкерлердің кәсіби әрекет етуінің арқасында ұрлық уақытында ашылып, күдіктілер ұсталды және материалдық шығын қайтарылды.

Ағымдағы жылы “Технодом” сауда үйі желісінде тауарлық-материалдық құндылықтардың бірнеше ұрлығы жасалған. “Байқоңыр” және “Есіл” аудандарының аумағындағы дүкендерде жылдың басынан бері 24 ұрлық жасалған. Аталған жағдайдан төрт миллионға жуық сомаға шығын келтірілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру