Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті заңсыз айдап әкеткен қаскүнем құрықталды

Павлодар қаласында бөтен біреудің көлігін заңсыз айдап әкеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, түнгі сағат 03.00-де терезеден қарап, аулаға қойған өзінің “Мазда 626” маркалы автокөлігін таппағанын айтты.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаскүнемді ұстады, ол бұрын сотталған павлодарлық азамат болып шықты. Сондай-ақ ұрланған автокөлік ақаулы жағдайда табылды, ол иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция қызметкерлері көліктен бірнеше минутқа болса да шығып бара жатқанда қауіпсіздік жүйесін қосып, барлық есіктердің жабық екеніне көз жеткізу, көлікті жақсы жарықтандырылған жерлерде, жақсы көрінетін жерлерде қалдыру, автокөлікте кілттер мен құжаттарды, сондай-ақ қылмыскерлердің назарын аударатын заттарды қалдырмау туралы ескертеді.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста автокөлік ұрлаудың екі фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру